Лондонда инвесторларға арналған конференция өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лондонда инвесторларға арналған конференция өтті

28.04.2022

Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері. Лондонда осындай атаумен инвесторларға арналған конференция өтті. Жиында Ұлыбританияның бизнес-қауымдастығы елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформалар жайлы құлағдар болды. Қаңтар оқиғаларынан кейін инвесторлардың сеніміне сызат түспеуі үшін елдегі саяси жағдай мен қолайлы инвестициялық ахуал туралы іскер топтарға ақпарат беру маңызды, дейді мамандар.

Джеймс Мартин, «Астана» ХҚО инвестициялар жөніндегі директоры:

Тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстанның мүмкіндіктері зор. Біз іскер азаматтарды инвестиция құюға шақырып қана қоймай, бизнесін көшіруге жағдай жасай алатынымызға сендіргіміз келеді.

Марина Бекенова


Хабарламаларға жазылу