Лондонда Украинаны қалпына келтіру жөніндегі конференция өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лондонда Украинаны қалпына келтіру жөніндегі конференция өтті

22.06.2023

Cәрсенбі күні әлемнің ондаған елінің дипломаттары Лондонда бас қосып, Украинаны қалпына келтіру және оған қажетті қаржы жинау мәселесін талқылады.

Дүниежүзілік банктің ақпандағы есебіне жүгінсек, кең ауқымды қарулы қақтығыстан Украинаға 400 миллиард доллардан астам шығын келген. Оған Каховка су бөгетіндегі апат пен әскери жанжалдың күшеюін қоссақ, зиян көлемі 1 триллион долларға жетуі мүмкін. Бұл – елдің жалпы ішкі өнімінен 10 есеге көп сома.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің ойынша, Украинаның болашағы баянды болуы үшін оның экономикасымен бірге армиясын да күшейткен абзал.


Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу