Конституциялық сот қолжетімді болады - Зүлфия Байзақова - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Конституциялық сот қолжетімді болады - Зүлфия Байзақова

27.04.2022

Конституциялық соттың қолжетімді болуы заң ашықтығын қамтамасыз етеді. Осылай деген алматылық сарапшылар Конституцияға енгізілетін өзгерістерге қатысты пікір білдірді. Олардың айтуынша, Ата Заңға түзетулер қажет. Бұл саяси бетбұрыс, өркендеуге жол ашады. Президент бастаған жаңа реформалар экономикалық, әлеуметтік салаларға жаңа серпін береді. Айта кетейік, Конституциядағы 33 бапқа 56 түзету енгізіліп, 2 бөлімнің атауы өзгерді. Мысалы, «Сот және сот төрелігі» деген 7-ші бөлім «Прокуратура және адам құқықтары жөніндегі уәкіл» болып өзгереді. Ал, Конституциялық кеңес енді Конситуциялық сот деп аталады.

Зүлфия Байзақова, ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия мүшесі:

Конституциялық соттың құрылуы адам құқықтары жоғары деңдейде қорғалады деген сөз. Өйткені, ол еліміздің барлық азаматына қолжетімді болады. Ата Заңға енгізілетін осы жаңашылдық көңілімнен шықты.

Өмірәлі Жалаири, заң ғылымдарының докторы, профессор:

Бұрын арнаулы ғана субьектілер Конституциялық кеңеске жүгіне алатын. Қазір оған Бас прокуратура және адам құығы туралы уәкіл де қосылып отыр. Оның өзі біздің еліміздің, халқымыздың құқығын қорғауға үлкен үлес қосады деп ойлаймын.

Нұрсұлтан Тілектесов


Хабарламаларға жазылу