Президент Н.Назарбаев Алматы облысының әкімі Амандық Баталовты қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Н.Назарбаев Алматы облысының әкімі Амандық Баталовты қабылдады

25.11.2015
Президент Н.Назарбаев Алматы облысының әкімі Амандық Баталовты қабылдады

Кездесу барысында Мемлекет басшысы өңір экономикасын тұрақтандыруды жалғастырудың, мемлекеттік бағдарламаларды орындаудың, сондай-ақ, жұмыспен қамтылуды ұлғайту және халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар Қазақстан Президенті облыстың инвестициялық тартымдылығын дамыту, шағын және орта бизнес субьектілерін қолдау жөніндегі міндеттерді орындауды жалғастыра беруді тапсырды.

Алматы облысының әкімі Нұрсұлтан Назарбаевқа өңірдің негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен алдағы кезеңге арналған жоспарлар туралы баяндады.

А.Баталов облысты дамытудың негізгі бағдарламалық құжаты осы мақсатта арнайы әзірленген, он алты бағытты қамтитын жоспар болғанын атап өтті.

«Сіздің тапсырмаңызға сәйкес, экономикаға инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу, халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету мақсатында нақты жұмыс бағыты айқындалды. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығын, шағын және орта бизнесті дамыту жұмыстары жүргізілуде. Жалпы, биыл облыс экономикасы барлық көрсеткіштер бойынша қарқынды дамыды. Атап айтқанда, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, инвестиция салаларында өсім байқалып отыр», – деді Алматы облысының әкімі.

Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Хабарламаларға жазылу