Алматы метросының үшінші кешен желісінің құрылысы аяқталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы метросының үшінші кешен желісінің құрылысы аяқталады

26.04.2022

Алматы метросының үшінші кешен желісінің құрылысы аяқталады. Шаһардың инфрақұрылымын дамыту жобасы қалалық Мәслихат отырысында мақұлданды. Жоспар бойынша осыдан екі жыл бұрын құрылысы басталған, Абай даңғылының бойымен солтүстік жағынан, Әшімов көшесімен қиылыста орналасуы тиіс «Қалқаман» станциясынан «Барлық» базарына дейін жер асты жолы ашылып, жаңа станция қолданысқа беріледі. Екі бекеттің арақашықтығы 5 шақырымнан аспақ. Сондай-ақ Саин мен Мөңке би көшелерінің де қиылысын жалғау көзделіп отыр.

Хабарламаларға жазылу