Жапонияда экскурсиялық қайық апаты құрбандарының саны 11-ге жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапонияда экскурсиялық қайық апаты құрбандарының саны 11-ге жетті

25.04.2022

Жапонияда экскурсиялық қайық апаты құрбандарының саны 11-ге жетті. Бүгін құтқарушылар бір баланың мәйітін тапты. Ал, жексенбі күні жағалау күзеті 10 адамның денесін судан шығарған. Олардың жетеуі ер адам болса, үшеуі - әйел. Екі экипажы бар Kazu-1 қайығы 24 жолаушыны Жапонияның Хоккайдо аралының Ширетоко ұлттық саябағына көркем экскурсияға апара жатқанда апатқа ұшырады. Оның мұндай жағдайға ұшырағаны сенбі күні түстен кейін белгілі болды. Көлік министрлігі қолайсыз ауа райына қарамастан турды ұйымдастырған «Ширетеко Круиз» операторының тергеліп жатқанын хабарлады. Себебі, бұл компания жіберген қайықтары былтыр екі рет апатқа ұшырап, соның біреуін осы жолы суға кеткен көліктің капитаны басқарған.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу