Бала кезінде президент болуды армандаған әнші - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бала кезінде президент болуды армандаған әнші

24.07.2014
Бала кезінде президент болуды армандаған әнші

Тағы бір украиналық әнші Вячеслав Рыбиков «Ялтинский берег», «Голос Страны» және басқа да вокалды конкурстарға қатысқан. Бір қызығы, әншінің музыкалық білімі жоқ. Мұхитты, жағажайды, роликті коньки тебуді, гитарада ойнауды жақсы көреді.

Туған күніңе қандай сыйлық алғың келеді деген сұраққа Вячеслав: «Мен негізі сыйлық талғамаймын. Мен үшін әр сыйлықтың маңызы зор. Бірақ, туған күніме қандай да бір гүл алмасам деймін. Себебі, оған күтім керек қой», деп жауап берді.

Әнші бала кезінде президент, бизнесмен немесе жұлдыз  болуды армандаған. Өмірлік ұстанымы – «Ешқашан берілме!». Славаның арманы - сахнада ән мен биді қоса қолдануды үйрену.

«Мен бұл әдісті ешқашан жасап көрмеппін. M.Jackson, J.Timberlake сынды жұлдыздарға қарап, әрине үйренгім келеді. Бірақ, әзірге мен өзімді тек пианино немесе гитарамен ғана елестете аламын»,-дейді әнші.

Вячеслав Рыбиковтің реттік нөмірі – 14.

Хабарламаларға жазылу