Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы

23.04.2022

«Баланы ең әуелі мейір - шапағатқа, одан соң ақыл-парасатқа, ақырында нағыз пайдалы ғылымға, еңбекке баулы».

Елордадағы №8 мектеп-лицейі Абайдың осы аманатын амал етіп жүр. Оқушыларға құндылыққа негізделген білім беріледі. Әр ай айшықталған. Мейірімділік, адамгершілік, еңбек пен шығармашылық және батырлық айы дегендей жалғаса береді. Яғни, тәрбие барысындағы дәріптеуді шәкірттер бойына сіңіріп, іс жүзінде көрсете білуі тиіс. Сондай-ақ құндылықпен қатар жобалау негізінде білім беріледі. Мұнда күнделікті сабақ барысында меңгергендерін тәжірибеде қолданады. Нақтырақ айтсақ, теория мен практика үйлесім тапқан. Осылайша бастауыш және жоғары сынып оқушылары толық қамтылып, тараулар бойынша тақырып таңдап, зерттеу жүргізеді. Педагогикалық бұл тәсіл биылғы балалар жылына орайластырылып жүзеге асуда.

 Гүлнұр Айтимова, №8 мектеп-лицейінің директоры:

Оқушылардан, ата-аналардан сауалнама алдық. Сол кезде мұғалім мен оқушының арасында сенімсіздіктің пайда болғанын байқадық. Мұғалімдердің оқушыларға айғайлап ұрысатынын байқадық. Міне осыдан бастап біз құндылыққа негізделген білім беруді енгізу керек деп шештік. Сонымен қатар мектепте буллингтің болып жатқанын байқап, оның қалай алдын алсақ болады деп осы құндылықты қараша айынан бастап мектебімізге енгіздік. Қалай қараша айынан бастап енгіздік біздің мектебімізде буллинг деген нәрсе жоғалды.


Хабарламаларға жазылу