Мерзімді әскери қызметке шақырылған сарбаз қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мерзімді әскери қызметке шақырылған сарбаз қайтыс болды

23.04.2022

Әскери борышын өтеп жатқан сарбаз көз жұмды. Әлібек Қалбай биыл көктемде Маңғыстаудан Жамбыл облысына мерзімді әскери қызметке шақырылған. Қатардағы жауынгер Гвардейск әскери қалашығындағы госпитальде қайтыс болды. Ол таңертең сапта тұрғанда кенеттен есінен танып қалған. Сарбазға медициналық көмек көрсетілгенмен, есін жимаған күйі демі үзілді. Қайғылы жағдайға байланысты тексеру жұмыстары басталды. Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен Қарулы күштердің жеке құрамы Әлібек Қалбайдың туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу