Қазақстанда әскери қызметке шақыру мерзімі тамызға ауыстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда әскери қызметке шақыру мерзімі тамызға ауыстырылды

04.05.2020
Қазақстанда әскери қызметке шақыру мерзімі тамызға ауыстырылды

Қазақстанда 2019 жылдың көктемінде әскерге шақырылған мерзімді әскери қызметшілерді запасқа шығару уақытша тоқтатылды.

Бұл туралы ҚР Қарулы күштері Бас штабының ұйымдастыру, жұмылдыру жұмыстары департаментінің басшысы Сәкен Жүсіпов айтты.

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы ҚР заңына сәйкес Қарулы күштердің жауынгерлік әзірлігін қолдау мақсатында ТЖ кезінде 2019 жылдың көктемінде әскерге шақырылған мерзімді әскери қызметшілерді запасқа шығару уақытша тоқтатылды. Запасқа шығарғанға дейін осы әскери қызметшілерді киім-кешекпен, азық-түлікпен, қаржымен және медициналық тұрғыда қамтамасыз ету тәртібі сақталады. Сонымен қатар, барлық өңірде әскерге шақыру және медициналық комиссиялардың жұмыстары тоқтатылды. Осыған байланысты Мемлекет басшысы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру мерзімдерін 2020 жылдың маусымынан тамызына ауыстыру туралы Жарлыққа қол қойды», - деді ол брифингте.

Хабарламаларға жазылу