Нұр-Сұлтанда көмір қоймасынан есірткі табылды. Ұзақ уақытқа созылған жедел-тергеу әрекеттерінің нәтижесінде арнайы операция жүргізіліп, есірткі заттарын өткізудің «арнасы» жойылды. Мичурино кентіндегі жеке үйде көмір сақтауға арналған шаруашылық құрылысын тінту кезінде 42 келіден асатын «марихуана» бар 4 қап табылды. Жеке тінту кезінде сатуға дайындалған 234 грамм «гашиш» есірткі заты бар 35 түйіншек анықталған. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 42,5 келі. Олардың «қара нарықтағы» құны 25 млн теңге. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Елорда аумағында есірткі жеткізуге және өткізуге қатысы бар басқа да күдіктілер анықталып жатыр.