Қостанай облысының Рудный қаласында астан ұшынып, ауруханада жатқан 14 студенттің жағдайы бүгін қалыпты. Кеше колледждің асханасында тамақтанған 70-тен астам студент жаппай уланып қалған еді.
Түскі астан кейін 70 шақты студент денсаулықтарына шағымданған. Соның 35-і медицианлық көмекке жүгініпті. Қазр 14 адам «гастроэнтерит» диагнозымен ауруханада жатыр, қалғандарына амбулаториялық ем тағайындалған.
Еркежан Садықова, Рудный қалалық ауруханасының педиатр –дәрігері:
Барлығының жағдайы қалыпты. Асқыну белгілері жоқ. Балалардың жасы 14-17 жас аралығында. Келгендегі клиникалық белгілері бәрінде температура, құсу, іш өту болды. Қазір жағдайлары бірқалыпты.
Рудныйдағы тау-кен технологиясы колледжінде 400-ге тарта студент оқиды. Соның 200 – ге жуығы оқу орнындағы асханадан тұрақты түрде тамақтанады. Колледж директорының айтуынша күні кеше де түскі асты осынша адам ішіпті. Олардың ешқайсы тамақтан бұзылған дәм сезбегендерін айтқан.
Қайсар Қанешов, Рудный тау-кен технологиялық колледжінің директоры:
Соны ішіп болғасын 2-3 сағаттан кейін ауыра бастаған алғашқы балалар. Қазір тексеру жүріп жатыр. Соны күтіп, соның шешеімі бойынша білеміз қалай, неден болғанын.
Дәуренбек Әбдібек, тілші:
Осы оқиға бойынша полиция депараменті «Санитарлық ереже мен гигиеналық нормативтердің бұзылуы» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ал санитарлық – эпидемиологиялық департамент мамандары колледж асханасын тексеріп жатыр. Лабороториялық зерттеу үшін ас-су мен шайындылардың сынамасы алынды. Аспаздар мен қызметкрелер де тексеріліп, асүй мен асхана аумағы толық зарарсыздандырылады.
Дәуренбек Әбдібек