Медициналық және әлеуметтік мекемелерде тұратын мүгедек жандарға басқаша ерекше жағдай жасалуы қажет. Өйткені, олар жылдар бойы, тіпті кейде өмірінің соңына дейін тар қапастарда тұруға мәжбүр. Ұйықтау мен ояну, емделу орындарын да таңдай алмайды. Қазір сондай ортада 22 мыңнан аса адам бар. Сенаторлар осы санаттағы азаматтардың құқын қорғау қажет деп отыр. Яғни, ұзақ уақыт жабық мекемеде тұрған адам қоғамда өмір сүру қабілетін жоғалтады. Ал, біз мүгедектер хақы туралы конвенцияны қабылдай отырып, оларды көшіру мәселесінде де әлем қауымдастығы алдында жауаптымыз.
Ләззат Қалтаева, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Ірі медициналық-әлеуметтік мекемелерді қысқартуды және мүгедек адамдар институтын жабу тұрғысында стратегия әзірлеуді ұсынамыз. Яғни, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған стационарды алмастыратын технология енгізу керек. Осылайша отбасыларын қолдау қажет. Қазіргі заңды жетілдіру арқылы аталған санаттағы азаматтардың қабілетіне қатысты әрі оларды қамқорлыққа алу бойынша шаралар қамтылғаны дұрыс.