Сенаторлар су шаруашылығы ведомствосын құруды ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенаторлар су шаруашылығы ведомствосын құруды ұсынды

21.04.2022

Елде 8 жылдан кейін су 15 пайызға азаяды. Дүниежүзілік банктің болжамына сәйкес су ресурстарының көлемі 90-нан 76 километр кубқа дейін төмендейді. Бұл - проблеманың басы ғана. Халықаралық сарапшылар тапшылықты жоспарлау мен бақылау жүйесінің жетілмегендігімен байланыстырып отыр. Бірақ, бір қызығы бізде бұл саламен аттай алты министрлік, жергілікті атқарушы органдар және «Самұрық-Қазына» компаниясы айналысады. Алайда, суды молайту мәселесіне мүлдем бас ауыртпайды. Сондықтан сенаторлар өзге мемлекеттердің жүйесін үлгі етіп, суға жауапты басыбайлы бір ведомство ашуды ұсынып отыр.

Ақылбек Күрішбаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Қазақстанда су ресурстарын интеграцияланған басқару жүйесін қамту үшін, және еліміздің су қорын жоспарлау, бақылау және ұтымды пайдалану мақсатында бірыңғай мемлекеттік саясат жүргізетін дербес су шаруашылығы ведомствосын құруды ұсынамыз.


Хабарламаларға жазылу