Бұл - әлеуметтік сауалнама нәтижесі. Осының салдарынан, урологиялық дерт бүгінгі таңда еліміз бойынша қауіптілігі аса жоғары аурулардың санатына еніп отыр. Ресми деректерге сүйенсек, ер-азаматтардың 16 пайызы белсіздік ауруына шалдыққан. Қатерге қарсы тұру үшін Бейнеш Жарбосынов атындағы урология ғылыми орталығының мамандары түстіктегі дәрігерлерге медициналық ем-шараларды жаңаша жүргізу әдістерін үйретті.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ