Алматы облысында полиция қызметкері жүргізушіге сес көрсеткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында полиция қызметкері жүргізушіге сес көрсеткен

21.04.2022

Патрульдік полиция қызметкерлері көлік жүргізушісімен сөзге келіспей қалды. Олардың арасындағы кикілжіңді куәгерлер видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялаған. Бейнежазбадан екі жол сақшысын байқауға болады. Олардың біреуі жас жігітке дауыс көтеріп, кеудесінен итеріп жібереді. Оқиға куәгерінің айтуынша, жанжал Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы Есік-Түрген тас жолында болған. Өңірлік Полиция департаменті бұл жағдайды бақылауға алып, тексеру жұмыстарын жүргізетінін хабарлады. Оның нәтижесінде нақты шара қолданылмақ.  

Хабарламаларға жазылу