Алматыда көпқабатты үйден өрт шықты: 65 адам эвакуацияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда көпқабатты үйден өрт шықты: 65 адам эвакуацияланды

18.04.2022

Алматыда тұрғын үйде өрт болып, 65 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Олардың арасында балалы әйел де бар. Тілсіз жау Ақкент ықшам ауданындағы тоғыз қабатты тұрғын үйден шыққан. Өрт сөндірушілер 7-ші қабаттағы қызыл жалынды дер кезінде ауыздықтап үлгерген. 10 шаршы метр аумақ жанып кетті. Қазір өрттің шығу себебі анықталуда. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. 

Хабарламаларға жазылу