Ақтөбеде қоғамдық автобус дүкенге соғылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде қоғамдық автобус дүкенге соғылды

18.04.2022

Ақтөбеде жолаушылар автобусы телефон жөндеу орталығына соғылды. №7 қоғамдық көлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай, алдымен жол жиегіндегі қоршауды соққан. Осыдан кейін бағыты өзгеріп, жол бойына жақын жердегі дүкенге барып ұрылған. Абырой болғанда, көлік ішінде жолаушылар болмаған. Ал, жүргізушіге қатысты ақпарат жоқ. Қазір тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Болжам бойынша, көліктің тежегіші істен шыққан болуы мүмкін. 

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу