Ғылымды қаржыландыру көлемі 70 пайызға өсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғылымды қаржыландыру көлемі 70 пайызға өсті

17.04.2022

12 сәуір –ғарышкерлер және ғылыми қызметкерлер күні. Иә, бұл мейрамдардың мәні зор. Ең алғаш рет адам баласы ғарышқа қазақ жерінен аттанды. Осы қазақ жерінде дәл осы күні геологиядан бастап тарихқа дейін сүбелі еңбек қалдырған ғұлама ғалым Қаныш Сәтбаев дүниеге келді. Бірақ қазіргі жағдайға қарасақ, көңіл су сепкендей басылады. Илон Маск адамдарды Марсқа қондырып, әлемді дүр сілкіндірмек. Ал біз ғылымды дамытуға қаржы көбірек бөлінеді, - деп қуанып отырмыз. Оның өзі жалпы ішкі өнімнің 1 пайызына ғана тең ақша. Әлемдегі алпауыт елдер болса, ғылымға жалпы ішкі өнімнен 4-5 пайыз қаражат бөледі. Алпауыттармен жарыспай-ақ қояйық. Осы 1 пайыздың өзі діттеген жерге жетсе екен...Өйткені көп саланы бюрократия тежеп тұрғанын жоғарыда айтқан едік. «Жұрттың баласына» қызықпайын десең осы... Қаныштарымыз қайда? Амангелді Сейітханның репортажы. 

Берік Ұзақбайұлы гаджеттерге жұқа пленкалы аккумулятор жасаумен шұғылданып жүр. Көлемі кіші, бірақ қуаты көпке жететін батарейка шығармақ. Қазір жұмыстың 40 пайызын аяқтаған. Ал, толық іске асыруғауақыт керек.

Берік Ұзақбайұлы – «National laboratory» astana ғылыми кызметкері:
Уақыттан бөлек өнімді өндіріске шығару үшін қаржы қажет.Мысалы, Беріктің осығандейін жасаған бір жобасы тиімді болса да айналымға шықпай қалған.Ал, мынау өніміодан да маңызды әрі сұранысқа ие.
Берік Ұзақбайұлы, «National laboratory» astana ғылыми кызметкері:
Иә, ғылым қаржыға тікелей тәуелді. Бірақ, бізде оған бөлінетін ақшамардымды емес.
Амангелді Саданов, биология ғылымдарының докторы, профессор:
Ал, мемлекет басшысы 2025 жылға дейін ғылымға жалпы ішкі өнімнің 1 пайызын бөлуді тапсырды. Бұл шамамен 1 трлн теңге. Жауаптылар бұл бағытта жұмысты бастап та кетті. Бірақ, біздегі тағы бір мәселе бөлінген қаржының тиісті жерге жетуі мұң.
Дархан Мыңбай, ҚР парламенті мәжілісінің депутаты:
Жаңа жылдан бастап барлық аграрлық институттар мен станцияларда ғылыми зерттеулер тоқтаған. Қыржыландыру 9 айға кешкіккендіктен ғалымдар бұл шамамен 3 мың адам олардың отбасылары бар, осы уақытқа дейін айлықтарын ала алмай отыр.

Қаржының дер кезінде жетпеуіненауылшаруашығылы саласындағы 15-ке жуықғылыми-зерттеу институты зардап шегіп отыр.

Рима Шемелкова, ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты, Оңтүстік-шығыс ғылыми-зерттеу институтының қызметкері:
Біз ғалымдарды жоғалтып жатырмыз. Биылдың өзінде білікті қызметкерлердің 70 пайызы жұмыстан кетіп қалды. Ал, қаржы неге кеш бөлініп жатқанын ешкім түсіндірмейді. 3 жыл болды осы мәселенің шешілмей келе жатқанына.

Ал, пандемия кезінде қажеттілігі айқын байқалған биологиялық институт бюджеттен 2020 жылы бөлінген ақшаны әлі алмаған.

Күнсұлу Закарья, Биологиялық қауіпсіздік проблемаларын ғылыми-зерттеу институтының бас директоры:
осы екі жылдың ішінде 2020 жылы институтқа 915 миллион теңге көмек берді. Заманауи құрал алуға. Біздер естіп отырмыз РБК арқылы қаржы бөлініп отыр. Ал. бүгінгі күнге олар бізге әлі түскен емес.

Сондай-ақ, Күнсұлу Закарья шет елдік реактивтерді сатып алу процесі де тым ұзақ,-дейді.

Күнсұлу Закарья, Биологиялық қауіпсіздік проблемаларын ғылыми-зерттеу институтының бас директоры:
Пандемия кезінде бұл реактив және құрал-жабдықтар бүкіл мемлекетке қажет болғандықтан сыртқы нарықта өте қатты дефицит. Яғни, біздер қажетті реактивтерді 5-6 айдың ішінде әрең-әрең алып отырмыз, тез арада вакцина шығара алмай отырмыз сол себептен.

Ал, апта басында білім және ғылым министрі бұл мәселелер сараланып, конкурстық рәсімдербарынша жеңілдетіліп жатқанын банядады.

Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрі:
Бұрын конкурстық рәсімдер алты айға созылатын. Қазір олардың мерзімі екі есеге қысқарды. Конкурстық құжаттаманың көлемі 2 жарым есеге, қайта өңдеуге қосымша уақыт беріледі. Сараптама мерзімі 2 есеге қысқарды.

Бұл жеңілдіктердің нәтижесі енді көрінеді. Ал, Күнсұлу Закариятағы бір түйткілді айтты. Мәселен, орталық былтыр 49 млн доза вакцина шығарған. Бұл үш жыл бұрынғыдан 5 есе көп. Бірақ, биыл заң нормасы күтпеген жерден өзгеріп, екпені сату бұрынғыдан қиындап кеткен.

Күнсұлу Закарья, Биологиялық қауіпсіздік проблемаларын ғылыми-зерттеу институтының бас директоры:
Бұрында біздің вакциналарымызды, зияткерлік патент арқылы алып, отандық өндірушіні қорғап, конкурсқа түсіретін еді. Осы жылы ауыл шаруашылық министрлігі бізді аукционға түсірді.Ол не деген мәселе? Шет елден келетін вакциналар субсидиямен келеді. Яғни, оларға мемлекеттері көмек беріп, біздің конкурсқа түскен кезде олар өте өмен бағамен келеді.

Бәсекеге шыдай алмаған орталық енді өз шығындарын да ақтай алмауы мүмкін.Ал, сапасы шет елдікінен кем түспейді,-дейді. Міне, қаржы бөлудегі осындай олқылықтар салдарынан ғылым саласы әлі кенжелеп тұр. Тіпті, оған қызығушылар да азайған.

Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрі:
Біріншіден ғылымды қаржыландыру көлемі 70 пайызға өсті. Екіншіден конкурстар бұрын 3 жылда 1 рет қана жарияланса енді жыл сайын өткізіліп отыр. Үшіншіден біз гранттардың жаңа түрін енгіздік. Оған қоса ғылымды қаржыландыру мерзімі бұрын тек қана 3 жыл болатын. Қазір мемлекет басшысының тапсырмасы шеңберінде бұл мерзім 5 жылға дейін ұзартылды.

Амангелді Сейітхан


Хабарламаларға жазылу