Ғылымды қаржыландыру 3,5 есе артты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғылымды қаржыландыру 3,5 есе артты

20.01.2023

Биыл елімізде ғылымды қаржыландыруға 160 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 3,5 есе артық. Бұл туралы тұңғыш рет отандық жоғары оқу орындарының ғылыми және инновациялық жетістіктерінің көрмесінде Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты.

Шарада ғалымдардың жүзеге асырылған жұмыстары таныстырылды. Мәселен, мына жоба шайыр өндіруге арналған. Шетелден келген тауарға қарағанда 15-20%-ға арзан. Өнім негізінен жасанды тастар мен полимер бетон шығаруға қолданылады.

Индира Желдібаева, ғылыми қызметкер:

Жобаның құны 250 млн теңге болды. Жобаның ерекшелігі – Қазақстанда аналогы жоқ. Бұл жоба 2022 жылдан бастап елімізге, біздің ғалымдарға табыс әкелуде. Табыс көлемі 50 млн-ға дейін жетті.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу