Жамбыл облысында әскери оқу-жаттығулар өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында әскери оқу-жаттығулар өтті

16.04.2022

Жамбыл облысында «Батыл тойтарыс – 2022» стратегиялық командалық-штабтың оқу-жаттығулары өтті. Оған «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының бөлімшелері қатысып, таулы жерде жауынгерлік іс-қимыл жүргізу тактикасын пысықтады. Әскерлер шартты түрдегі қарсыласты жою үшін танк, артиллерия, зениттік-зымыран және әскери авиация қолданды. Батальондық тактикалық топ шекарашылармен бірлесіп, шартты түрдегі содырларға тойтарыс берді. Оқу-жаттығуларды қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов көріп, әскерилердің дайындығына бағасын берді.

Нұрлыхан Темірбеков, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының жедел басқарма бастығы:
Әскерлердің арнайы іс-қимылы шыңдалды. Басқа күш құрылымдарымен, шекара, полициямен бірге және төтенше жағдайлар қызметімен бірге жұмыстарды атқарып, сарбаздардың іс-қимылын шыңдадық.


Хабарламаларға жазылу