Құрлық әскерлерінің оқу-жаттығуы жалғасуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құрлық әскерлерінің оқу-жаттығуы жалғасуда

13.09.2014
Құрлық әскерлерінің оқу-жаттығуы жалғасуда

Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Отар әскери базасы еліміздегі құрлық әскерлеріне арналған ең үлкен жаттығу алаңы. Мұнда жыл сайын халықаралық және республикалық жаттығулар өткізіледі. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің дайындықтарын Қорғаныс министрі Серік Ахметов қадағалады.

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының негізгі міндеті – елдің оңтүстік-шығыс шептерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету. «Мәтібұлақ» әскери полигонында өтіп жатқан Оңтүстік өңірлік танк бригадаларының оқу-жаттығуын бақылаған Қорғаныс министрі Құрлық әскерлерінің модернизацияланған әскери техникаларының жай-күйімен танысты.

Бүгінде әскери қызметте жоғары нәтижеге жету үшін ұжымды жұмылдыра білетін жас командирледің қызметтік мансапта тез өсуіне көп мүмкіндіктер беріліп отыр. 2010 жылы оқу бітірген курсанттардың 90 пайызы рота командирі.

Білімділігімен және алғырлығымен көзге түскен антына берік офицерлер жас болса да, бас болып батальон командирі қызметін атқарып жүр.

Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ

Хабарламаларға жазылу