Атырау облысы аумағында қос азаматтықпен жүрген 5 адам анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысы аумағында қос азаматтықпен жүрген 5 адам анықталды

15.04.2022

Атырау облысы аумағында қос азаматтықпен жүрген 5 адам анықталды. Олар еліміздікімен қоса Ресей азаматтығын да қатар қабылдаған. Енді әрқайсысына әкімшілік заңға байланысты хаттама толтырылып, 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде яғни 612 600 теңге айыппұл салынды. Өткен жылы 33 тұлғаның тарапынан қос азаматтық фактілері анықталып, сот шешіміне сай 9 мигрант еліміздің аумағынан шығарылды. Қалған 24-і айыппұл арқалады. 

Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу