Оралда тоғызқұмалақтан ел чемпионаты басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда тоғызқұмалақтан ел чемпионаты басталды

15.04.2022

Оралда тоғызқұмалақтан ерлер арасындағы командалық ел чемпионаты басталды. Байрақты бәсекеге 12 облыс пен қаладан 100-ге жуық спортшы қатысуда. Жарыс алты күнге созылып, елдің ең үздік командалары анықталады. Тартысты сайыста Қызылорда, Орал, Шымкент спортшылары жақсы нәтиже көрсетті.
Ғалымжан Темірбаев, ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері, әлем чемпионатының 4 дүркін жеңімпазы:
Тоғызқұмалақпен айналысып жүргеніме 25 жыл таяп қалды. Біріншіден, есеп, шыдамдылық керек. Бір жарым сағаттан екі ойыншыға 3 сағат беріледі. Үш сағат бойы ойын тақтасында отырып, шыдамдылық, сабырлылық осы ойынға қажет. 
Қатысушылардың шеберлік деңгейі, жас шамасы әртүрлі. Жарыс тоғызқұмалақтың екі түрінен өтуде. Классика бойынша уақыт шектелмейді, ал блицта ойынды 7-ден 14 минут ішінде аяқтау міндеттелді.
Дәулет Әбдікәрімов, ҚР Тоғызқұмалақтан аға жаттықтырушысы:
Ұлы Абайдың сүйікті ойыны болған. Тоғызқұмалақтың қазіргі даму қарқыны өте жоғары. Бүкіл аудан, ауыл, қала, облыста жақсы дамып келеді. Қазір жай турнир өткізсек те, 100-200-дің үстінде спортшы қатысады.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу