«Москва» крейсерінде өрт тұтанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Москва» крейсерінде өрт тұтанды

14.04.2022

Украина әскері Ресейдің «Москва» зымыран крейсеріне соққы беріп, зақымдады.Бортында 510 экипаж мүшесі бар кеме, өртке оранған. Ресей Қорғаныс министрлігі, крейсерде от тұтанғанын растап, оның себептері анықталып жатқанын мәлімдеді. Кеме экипажы толықтай эвакуацияланған. Сонымен бірге Ресей армиясы Украина әскеріне ескерту жасады. Ресей аумағындағы нысандарға соққы беру жалғасса, Киевтегі шешім қабылдау орталықтарын шабуылдайтынын мәлімдеді. Бұған дейін Мәскеу Мариупольдағы Украина теңіз жаяу әскерінің мыңнан астам сарбазы қаруын тастап, тұтқынға түскенін мәлімдеген. Ал Киев оны жоққа шығарды. Кейін Ресей, Украина сарбаздарының қол көтеріп, өз еркімен берілгені туралы видео жариялады. Дегенмен мәлімет әлі нақтыланған жоқ. Ал Гаагадағы Халықаралық қылмыстық соттың прокуроры Карим Хан, Буча қаласына барды. Ол күллі Украина аумағы, қылмыс жасалған орынға айналды деп мәлімдеді.

Пентагонның мәлімдеуінше, АҚШ Украинаға 800 млн долларға қару береді. Әскери көмек аясында, Киев АҚШ-тан танкіге қарсы «Джавелин» зымырандарын, камикадзе-дрондарды, Ми-17 тікұшақтарын, әуе қорғанысы және артиллерияға қарсы радарлар, химиялық, биологиялық, радиациялық шабуылдардан қорғану жабдықтары мен өзге де қару түрлерін алмақ.


Хабарламаларға жазылу