Павлодар облысындағы Рождественка және Тереңкөл ауылының су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарына қаржылай көмек көрсетілді. Естеріңізге сала кетейік, екі апта бұрын қар күрт еріп, аймақтың бірнеше ауданында елді-мекендерді қарғын су басқан болатын. Әсіресе Рождественка ауылы тұрғындары қатты зардап шекті. Тіпті, көпбалалы Остапенколар отбасының баспанасы жарамсыз болып қалды. Жергілікті әкімшілік оларға жаңа үй беріледі-деп сендірді. Сол кезде ауылға алғашқы болып «Қызыл Жарты Ай» қоғамы көмектесті. Азық-түлік, жылы киім-кешек апарды. Ал, жақында демеуші тауып қора-қопсысы мен дүние-мүлкі бүлінген тұрғындарға ақшалай 8 млн 600 мың теңге қаржы аударды.
Гүлнар Исақанова, облыстық «Қызыл Жарты Ай» қоғамының төрайымы:
25 отбасы осындай көмек алып жатыр.Ол кісілерге «көмек картасы» деген карталарды ұсынып жатырмыз. Барлығы қаржылай көмек алып жатыр. Әр отбасының әр мүшесіне 100 мың теңге беріліп жатыр. Яғни, бір отбасында 6 адам болса, сол 6 адамға 600 мың теңге .
Болат Аманбаев