Бельгияда «Омикрон» штамының жаңа түрі тіркелді. «BA.4» деп аталған індетті вирусологтар егде жастағы әйелден анықтаған. Оның қаншалықты қауіпті екенін мамандар қазір зерттеп жатыр. Ұлыбритания, Дания мен Германияда Ковидтің жаңа штамын жұқтырғандар арасында қайтыс болғандар немесе ауыр халде ауруханаға түскендер тіркелмеген. Дегенмен, Қытайда осы «Стелс-Омикронның» тез таралып жатқанынан сескенген Еуропа мамандары алдағы уақытта қарт құрлық елдері карантиндік шектеулерге қайта оралуы мүмкін екенін айтады.
Стивен Ван Гухт, вирусолог:Вирустың мутацияға ұшыраған түрлері әлі де тіркеледі. Қытайда індеттің қайта өршігені алаңдатарлық. Сондықтан, біз сақтық шараларын естен шығармауымыз керек. Ковид әлі аяқталған жоқ.
Вирусологтың сөзінің жаны бар. Бельгияда соңғы аптада ковидпен ауруханаға түскендердің саны 4 пайызға өскен. Яғни, бір тәулікте 200-ден астам адам жатқызылған. Ауыр халдегілердің дені - екпе салдыртпағандар. Сондықтан дәрігерлер тұрғындарды вакцинаның үш дозасын алуға үндеуде. Бүгінге дейін ел халқының 79 пайызы екі дозаны, 62 пайызы бустерлік вакцина салдыртқан.
Нұрсұлу Қасым