Алматыда қала ішінде жүрген әскери техникаға қатысты министрлік жауап берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда қала ішінде жүрген әскери техникаға қатысты министрлік жауап берді

13.04.2022

Алматыда қала ішінде жүрген әскери техникаға қатысты Қорғаныс министрлігі жауап берді. Ведомстваның хабарлауынша, бұл Қарулы күштердің жауынгерлік даярлығы. Сондықтан тұрғындарды қауесет әңгімелерге ермеуге шақырады.

Бұл техника «Батыл тойтарыс – 2022» кешенді ведомствоаралық командалық-штабтық оқу-жаттығу жиындарына байланысты жүргенін хабарлады. Оқу жаттығулар Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары, сондай-ақ Алматы мен Шымкент қалаларының аумағында өтіп жатыр. Бұған дейін Қорғаныс министрлігі сәуір айында оқ-жаттығу жиыны өтетінін хабарлаған еді.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу