Қызылорда облысының білім саласында 8,4 млрд теңге дұрыс есептелмеген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысының білім саласында 8,4 млрд теңге дұрыс есептелмеген

12.04.2022

Қызылорда облысының білім саласында 8,4 млрд теңгенің қаржысы дұрыс есептелмеген.

Әділбек Серікұлы, тілші:
Аудиторлар білім басқармасына қарасты 7 мекеменің өткен жылғы кіріс-шығысын тексеру барысында бірқатар кемшілікті анықтап отыр. Атап айтсақ, қызметкерлердің еңбек демалысының ақысын төлеуде 154 млн теңге, мүлікті бағалау бойынша 1,3 млрд, қосалқы материалдар мен заттарды есепке алу кезінде 28 млн теңге көлемінде қаржылық сәйкессіздік шыққан. Жауапты мамандар есеп-қисаптан жаңылған дейді тексеруші орган. Өз ісіне немқұрайлы қарағаны үшін білім саласындағы 24 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Әділбек Серікұлы


Хабарламаларға жазылу