Үкімет балалар жылының іс-шаралар жоспарын бекітті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет балалар жылының іс-шаралар жоспарын бекітті

11.04.2022

Баланың болашағына инвестиция салу, бала құқығы мен олардың заңды мүдделерін қорғау биылғы жылдың басты ұраны. Үкімет балалар жылының іс-шаралар жоспарын бекітті. Жоспар 7 бөлімнен тұрады. 50 тармақты қамтиды. «Білімді бала», «Отбасы-қауіпсіз мекен», «Дені сау бала», «Жетімсіз ел», «Бала қорғау» сынды шараларды орындау жұмысы басталып та кетті.

Элина Паули, ҚР Білім және ғылым министрлігі балалардың құқығын қорғау комитеті төрағасының орынбасары:

Балалар жылының ресми логотипі бекітілді. Жоспардың басты мақсаты балаларымыздың физикалық, зияткерлік, рухани, адамгершілік дамуына ықпал ететін жағдай жасау арқылы олардың өмір сүру сапасын жақсарту.

Жанна Қасымқызы, «KAZBRANDS» қоғамдық қорының директоры:

Осыған дейін біз балалармен жұмыс істеу алгоритмін жолға қою үшін 17 өңірден 100-ден астам қоғам белсендісін іріктеп, менторлықтың алғы шарттарын үйреттік. Қолға алынған әлеуметтік жоба арқылы 560 адам арнайы оқу бағдарламасынан өтті. Олардың арасында дәрігерлер мен кәсіпкерлер де бар. Енді олар қоғамдағы осал топтағы мұқтаж балаларға жан-жақты көмек көрсете алады.

Алла Гаврина

Хабарламаларға жазылу