Үкімет көлеңкелі экономикаға қарсы іс-шаралар жоспарын бекітті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет көлеңкелі экономикаға қарсы іс-шаралар жоспарын бекітті

26.07.2023

Үкімет көлеңкелі экономикаға қарсы іс-шаралар жоспарын бекітті. 2023-2025 жылдарға арналған құжат, салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіруге, тиімді бәсекелестік орнатып, халықты заңсыз бизнестен қорғауға арналған. Осы арқылы кедендік тексерулердің тиімділігін арттырып, оны оңтайландыру көзделген.

Мәселен, 2025 жылға қарай көтерме және бөлшек саудадағы көлеңкелі айналымды 5%-ға дейін төмендету жоспарланып отыр. Былтыр бұл көрсеткіш 7%-ға тең еді. Кешенді жоспар Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде әзірленді.


Досжан Маратұлы 

Хабарламаларға жазылу