Юрмала – жаңа таланттар қаласы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Юрмала – жаңа таланттар қаласы

22.07.2014
Юрмала – жаңа таланттар қаласы

Юрмала – Латвияның көлемі жағынан екінші орын алатын 150 жылдық тарихы бар курортты қала. Демалушыларды бұл жердің жайлы климаты, қайың иісі мен шипалы ауасы қызықтырады. Қала күн санап өркендеп келеді.

Юрмала – жыл сайын «Жаңа толқын» байқауының қатысушыларын, конкурс қонақтары мен көрермендерін құшақ жая қарсы алуға дайын. «Жаңа толқын» халықаралық байқауының конкурсы және түрлі  концерттік шаралар  «Дзинтари» концерт залында өтеді. Юрмала жағажайы жыл сайын халықаралық тазалықтың символы ретінде көгілдір жалаулармен безендіріледі.

Биылғы «Жаңа толқын-2014» байқауының ашылу салтанаты, конкурстық шаралар және гала-концерт дәстүрлі түрде «Дзинтари» залында өтетін болады. Бұл концерт залының сахнасында европалық және әлемдік жұлдыздар өнер көрсеткен.

Хабарламаларға жазылу