2002 жылдан бастау алған «Жаңа толқын» байқауы биыл да Юрмалаға өнерлі жастарды қайта жинамақ. Әлемнің түкпір-түкпірінен келетін жас таланттардың сайысы Европа халқы жыл сайын асыға күтетін шараға айналды.
Биыл Латвия сахнасында Қазақ елінің намысын әнші Әлішер Кәрімов қорғамақ. Отандасымызды 22-27 шілде аралығында Ұлттық арнамен бірге қолдаңыз!
«Жас толқын-2014» байқауының ашылу салтанатын бүгін Ұлттық арнадан тікелей эфирде сағат 23.00-де тамашалай аласыздар.