Шығыста есірткі саудасын қыздырған топ ұсталды. Өңірлік полицейлер ұзақ уақыт із кесіп, нәтжесінде 30-45 жас аралығындағы 4 азаматты қолға түсірді. Қамауға алынғандардың екеуі «гашишті» басқа жақтан Өскеменге, тағы екеуі Зайсан ауданына жеткізіп отырған. Күдіктілердің үйлерін тінту кезінде шамамен 5 келі «гашиш» және есірткі сатудан түскен көп сомада ақша тәркіленді. 4 күдікті де тергеу изоляторына қамалып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстары дәлелденсе 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Олжас Керей