Алматы облысының тауларында жүк көлігі жардан құлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысының тауларында жүк көлігі жардан құлады

11.04.2022

Алматы облысының тауларында Газ-66 маркалы жүк көлігі жардан құлап кетті. Оқиға Ескелді ауданы аумағында Серкесай шатқалында болған. 1969 жылы туған көлік иесі оқиға орнында қаза тапты. Ал 1995 жылғы жолаушы ауруханаға жеткізілді. Апат жолы нашар, жетуі қиын аумақта болғандықтан көмек көрсетуге құтқарушылар жұмылдырылды.

Сондай-ақ Талдықорған қаласына қарасты Өтенай ауылында жеңіл автокөлік автобуспен соқтығысып, қоғамдық көлік аударылып қалды. Автобуста болған үш жолаушы мен көлік жүргізушісі жедел ауруханаға жеткізілді. Қазіргі жағдайы қалыпты. Алдын ала мәлімет бойынша жеңіл көлік тізгіндеген жүргізуші жол белгілерін ескермеген.

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу