Бүгін Азия нарықтарында Brent маркалы мұнай бірден 2 долларға арзандап, оның баррелі 101 долларға жуық бағаға сатылды. Америкалық сұрып та 2 доллардай құн жоғалтып, 96 доллар 32 центке саудаланған.
Экономикалық сарапшылардың ойынша, шикізаттың арзандауына АҚШ пен Халықаралық энергия агенттігіне кіретін елдердің қоймалардан 240 миллион бөшке көмірсутегіні нарыққа шығара бастауы себепші. Оның үстіне, Шанхайда карантин жалғасып жатқандықтан, Қытай тарапынан мұнайға сұраныс азайып кеткен.
Арыстан Рысбек