Профессор, генерал, саяси ғылымдардың докторы Ержан Исақұловтың «Шыңғыс хан» және белгілі шығыстанушылар Зәріпбай Оразбай мен Мұхаммедзафар Оразбаевтың «Ұлы түрік тарихы» атты зерттеу кітаптарының таныстырылымы Еуразия ұлттық университетінде өтті. Жиналғандар аталған туындылардың қазақ халқының жаңғыруына, әсіресе жастардың санасын оятуға зор ықпал етеді деп сенеді. Шыңғыс хан туралы кітапты автор 10 жыл зерттеу жүргізіп, әуелі қазақша одан кейін орысша нұсқасын жазған. Оқырман қауымға оның электронды нұсқасы жуық арада қолжетімді болмақ.
Ержан Исақұлов, кітап авторы:
Қазақ жастарына арналады. Олар өйткені 21 ғасырдағы Шыңғыс ханның ұрпақтары болып саналады. Менің ойымша бұл кітаптардың қажеттілігі олар үшін өте маңызды.
Алла Гаврина