Ұлттық валютамыз тағы нығая түсті. Бүгін қор биржасындағы саудада доллар 4 теңгеге арзандады. Қазір АҚШ ақшасы 458 теңге, еуро 522 теңге 30 тиын, рубль - 5 теңге 60 тиынға тең.
Ал валюта айырбастау орындарында доллар 461, 464 теңгеден саудаланып жатыр. Қаржы нарығындағы оң өзгерістерге, Рубльдің нығаюы әсер етті дейді сарапшылар. Айтуларынша қазір Ресей Үкіметі мен Орталық банк валюталарына қатты қолдау көрсетіп келеді.
Досжан Маратұлы