«MINEX Kazakhstan» форумы: Тау-кен-геология саласындағы мәселелер талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«MINEX Kazakhstan» форумы: Тау-кен-геология саласындағы мәселелер талқыланды

07.04.2022

Әлемде қалыптасқан геосаяси жағдай еліміздегі тау-кен металургия саласына бірқатар қиындықтар туғызды. Бұған дейін Ресейдің теңіз порты арқылы құрлық асатын түрлі түсті металл діттеген жеріне жете алмай жатыр. Ал, тауар тасымалынының баламалы жолы аталған Ақтау порты бірден көп өнімді өткізуге қауқарсыз. Отандық өнеркәсіптер алдында тұрған осындай мәселелер «MINEX Kazakhstan» форумында айтылды. 
Сәбит Әлдебай, тілші:
Қазір Қазақстандағы тау кен компаниялары барлау жұмыстарын өз бетінше жүргізеді. Ал, кеңестік кезеңде жүрізілген барлау нәтижелері ескірген. Мамандар оған сенсек елдегі түрлі-түсті металл қоры 10-15 жылға ғана жетеді дейді. Биыл еліміз бойынша 1700 дей барлау жұмысына лицензия берілген. Алайда саланың қауымдастық өкілдері сапалы барлау жұмыстарына жеткілікті қаржы қаралса дейді. Жалпы, форумға әлемнің түкпір-түпірінен 400 ге жуық қонақ шақырылған. Ондаған компанияның тың технологиялары көрмеге қойылған.

Тау-кен металлургия саласы елдегі өнеркәсіп өнімдерінің 25, ал ішкі жалпы өнімнің 12 пайызын құрайды. Алайда экономиканы алға сүйрейтін маңызды сала экологияны тоздырмауы тиіс. Ол үшін елімізде 2025 жылға дейін ауаға тарайтын көмірқышқыл газын 30 пайызыға азайту көзделген. Айта кетерлік тағы бір жайт, отандық кәсіпорындар энергияның 70 пайызынын көмір арқылы алады. Форумға жиылғандар тиімді технологияларға ертерек көшпесе межелеген міндеттер орындалмай қалуы мүмкін дейді.

Хабарламаларға жазылу