Фармацевт салғырттығы: Павлодарда 3 жастағы сәби дәріден уланып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Фармацевт салғырттығы: Павлодарда 3 жастағы сәби дәріден уланып қалды

07.04.2022

Павлодарда 3 жасар бүлдіршін уланып қалды. Анасы оған дәрігердің берген рецепті бойынша дәріханадан сатып алған препаратты берген. Қабылдай сала, бала құса бастайды. Анасы жедел жәрдем шақырады. Іле «антидепресанттармен» уланды деген диагнозбен ауруханаға жатқызылды.

Жанар Белялова, Полиция департаментінің баспасөз хатшысы:
Фармацевт қателесіп, қала тұрғынына басқа дәріні сатқаны анықталды. Енді ол кәсіби міндетіне салақ қарағандығы үшін жауап береді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Болат Аманбаев


Хабарламаларға жазылу