11 сәуірден бастап Ресей, Қырғыз және Өзбекстанмен шекарада барлық шектеу алынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

11 сәуірден бастап Ресей, Қырғыз және Өзбекстанмен шекарада барлық шектеу алынады

07.04.2022

Үш елмен құрлықтағы шекара ашылады. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық комисияның отырысында айтылды. 11 сәуірден бастап Ресей, Өзбекстан және Қырғыз елдерімен арадағы шекарадан құрлық жолдары арқылы өтуге болады. Ал, әуе жолдары арқылы барлық елдермен байланыс толық қалпына келеді. Дегенмен, ПТР тесттің теріс нәтижесі туралы анықтама немесе екпенің барлық компоненттерін алу туралы паспорттың болу талабы сақталады. Ералы Тоғжанов шекаралардың ашылу мәселесі Президенттің тікелей бақылауында деді. Отырыс соңында әкімдіктерге екпе алу жұмыстарына ерекше мән беруді және халық арасында сапалы түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Раушан  Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу