Министр Бағдат Мусин «Қазақтелекомға» демонополизация жүргізуді ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Министр Бағдат Мусин «Қазақтелекомға» демонополизация жүргізуді ұсынды

06.04.2022

«Қазақтелекомға» бәсекелес компанияны нарыққа шығару керек. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин «Қазақтелекомға» демонополизация жүргізуді ұсынды. Осы арқылы елдегі мобильді операторлардың біреуін нарыққа шығаруды жоспарлап отыр. Қазір елдегі мобильді байланыстың 60% үлесі «Қазақтелекомға» тиесілі. Сонымен бірге ақылы теледидар қызметі нарығында 33% үлес те осында. Үш жыл бұрын екі мобильді операторды қосып, байланыс сапасын арттыруды жоспарлаған. Алайда бұл іске аспады.

Бауыржан Ысқақов, экономика ғылымдарының кандидаты:

Бір ғана Қазақтелекомның өзі былтырғы, алдыңғы жылғы қаржылық есебін қарайтын болсақ, табыстылығы өте жоғары болған. Монополиялық кәсіпорындардың көп болуы ол керісінше нарық заңдылықтарына қайшы келетін дүние. Бәсекелестік ортаның қалыптасуына кері әсерін тигізеді.

Мысалы қазір радиожиіліктердің басым бөлігі «Қазақтелекомға» тиесілі. Экономистер мұның нарықта жаңа «ойыншылардың» келуіне кедергі келтіретінін айтады. Сонымен бірге енді сапасыз қызмет көрсеткен байланыс операторларына салынатын айыппұл 300 мыңнан 3 млн теңгеге дейін өседі. Әрі бақылау күшейеді. Өйткені, біздегі байланыстың сапасы сын көтермейді.

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу