Мырыш мөлшері 1,3 есеге артқан: Ертіс суына жасалған зерттеу қорытындысы шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мырыш мөлшері 1,3 есеге артқан: Ертіс суына жасалған зерттеу қорытындысы шықты

06.04.2022

Ертіс өзенінің суына жасалған зерттеу қорытындысы шықты. Химиялық талдау нәтижесінде өзенде мырыштың мөлшері 1,3 есеге артқаны анықталды. Химиялық басқа компоненттер бойынша ластану байқалмайды. Дегенмен облыстық Экология департаменті «Қазгидромет» мамандарымен бірілесіп, Ертістен апта сайын сынама алып, мониторинг жүргізіп отырмақ.

Естеріңізге салайық, 3 күн бұрын Шығыс Қазақстан облысында жүк пойызы рельстен шығып, кен тиеген 6 вагон өзенге құлаған. Темір жолда болған осы апатқа байланысты облыстық көлік прокуратурасының ұсынысы бойынша, «Қазақстан темір жолы - Жүк тасымалы» АҚ-ның Семей бөлімшесіне қатысты жоспардан тыс экологиялық тексеру басталды. Тексерудің нәтижесінен соң апаттың салдарын жою жөніндегі іс-шаралар белгіленетін болады.


Хабарламаларға жазылу