АҚШ президентінің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Ресей мен Украинаға байланысты пікір білдірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ президентінің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Ресей мен Украинаға байланысты пікір білдірді

05.04.2022

Ресей Украинада тактикасын өзгертіп, 10-даған мың жауынгерін елдің оңтүстігі мен шығысына көшіруді жоспарлап отырған тәрізді.

Мұны АҚШ президенті Джо Байденнің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливан мәлімдеді. «Бұл өзгерістің мақсаты – Украина әскерін қоршап алып, оған тойтарыс беріп, сол жетістікті кейін прогресс туралы әңгіме таратуға және бұрынғы әскери сәтсіздіктерді бүркемелеуге пайдалану», – дейді Джейк Салливан.

Осыған дейін Ресей қорғаныс министрлігі енді бар күшті Донбассты азат етуге жұмсайтынын жариялағаны белгілі.

«Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, Ресей қарулы күштері Донецк және Луганск облыстарын ғана емес, Қырымды үздіксіз сумен қамтамасыз ету үшін Херсонды да алуды көздеп отырған сияқты.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу