Солтүстік Қазақстанда шағын өзендер арнасынан асып, таси бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстанда шағын өзендер арнасынан асып, таси бастады

04.04.2022

Солтүстік Қазақстанда шағын өзендер арнасынан асып, таси бастады. Бүгін теріскейде күн күрт жылынған болатын. Төтенше жағдай қызметінің мамандары су қоймаларына жақын орналасқан елді мекендерге қауіп төніп тұрғанын жеткізді. 6 мың тұрғыны бар 85 елді мекен бақылауға алынды. Дегенмен үйлерді су басу, жолдарды шаю фактілері тіркелген жоқ. Гидролог мамандар тәулігіне 4 рет өзен-көлдерде мониторин жүргізеді. Өңірде су деңгейін бақылайтын 19 бекет бар. Сергеев су қоймасы 76 пайызға толды. Кеше оның деңгейі 2 сантимертге көтерілді. Былтыр осы кездегі көрсеткіш 85 пайыз болатын.

Наталия Левина, «Қазгидромет» АҚ СҚО бойынша филиалы директорының орынбасары:

Соңғы тәулікте облыстағы су қоймаларының деңгейі орта есеппен 18-20 сантиметрге көтерілді. Дегенмен биыл жағдай қалыпты, су тасқыны жылдағы мөлшерден көп болмайды. Сәуірдің 6-8 күндері түнде ауа температурасы біртіндеп төмендейді. Бұл қардың еруін аздап тежейді.

Эльмира Кәленова

Хабарламаларға жазылу