Павлодар облысындағы әлеуметтік дүкендерде азық-түлік 20% қымбаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысындағы әлеуметтік дүкендерде азық-түлік 20% қымбаттады

01.04.2022

Павлодар облысындағы әлеуметтік дүкендерде тауар бағасы 20% қымбаттады. «Бұл – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жасалған мәжбүрлі әрекет», – деп мәлімдеді «Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының өкілдері. Ресейдің үш бірдей өңірімен шекаралас аймақта елге кіріп-шығуға салынған тиым алынып тасталған соңғы екі күнде жүргіншілер қарасы көбейген. Тіпті сауда орындарында тауар сатылымы ұлғайғаны байқалады. Сондықтан тұрақтандыру қорынан берілетін 13 түрлі тауар бағасы көтерілді. Мәселен, қант 290 теңгеден сатылса, енді 369 теңге, сұйық май 702 теңгеден 772 теңгеге дейін қымбаттады.

Бек Оразғұлов, «Павлодар» әлеуметтік–кәсіпкерлік корпорациясы АҚ басшысының міндетін атқарушы:
Ресейдегі жағдайларға байланысты, бізбен көрші ел болғандықтан бағаны көтеруге тура келді. Тұрақтандыру қорынан босатылатын тауарларды 10-20% аралығында қымбаттатық. Мысалы, қант 27%, күнбағыс майы 8%, қарақұмық бағасы 14% өсті.


Хабарламаларға жазылу