Маңғыстауда қоғам белсенділері азық-түлік бағасын тексеріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда қоғам белсенділері азық-түлік бағасын тексеріп жатыр

24.01.2022

Маңғыстауда қоғам белсенділері шағын дүкендердегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына мониторинг жүргізуде.

Тексеру барысында бағаның әр жерде әр түрлі екені анықталды. Бір дүкендерде 20, енді бірінде 30 пайыз үстеме қаржы қосылғаны белгілі болды. Қоғам белсенділері мен әкімдік қызметкерлері оларға әлеуметтік маңызы бар тауарларға 15%-дан артық үстемақы қосуға болмайтынын ескертті. Ал, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік санатына 19 түрлі өнім кіреді.

Шынар Қиянова, қоғам белсендісі:

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына әсер еткісі келсе, қаламызға көтерме тауар әкелетін бизнесмендермен меморандумға отыру сияқты жұмыстар жүргізілуі керек. Себебі барлық алып-сатып тұрғандар сауда заңдылықтары аясында жұмыс жасайды. 15-20 пайызын қойып. Бірақ түбінде таратып отырған алпауыт бизнесмендер солар өте қымбат әкеледі деп есептеймін.

Нұрсейіт Айладыр, Ақтау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары:

Оптовикпен де көтерме жеткізуші, бөлшек жеткізуші деп бөлінеді ғо. Яғни, шағын дүкен иелері өздері тарапынан арнайы ең төменгі бағасы бар, яғни бәсекелестік орта болғаннан кейін ең төменгі тауар өндіретін тауарларды өздері ізденіп, тұтынушыларға, ең соңғы тұтынушыға дейін жағдай жасау керек.

Аягөз Оралбайқызы


Хабарламаларға жазылу