Өскеменде көкөніс тапшы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде көкөніс тапшы

31.03.2022

Өскеменде көкөніс тапшы. Сондықтан, тұрақтандыру қорының дүңгіршектеріндегі арзан өнімге сұраныс күрт артқан. Дегенмен, жергілікті билік көктемде көкөністің тапшы болуы қалыпты жағдай, - дейді.

Арзан көкөністі көптеп алуға ел алакеуімнен жиналады. Бағасы базардағыдан екі есе төмен. Сондықтан дүкенге түскен бойда ел талап алады.

Олжас Керейхан, тілші:

Тұрақтандыру қорының арзан бағада өнім сататын дүңгіршектеріне күн сайын 10-12 қап картоп, бірнеше қап сәбіз әкелінеді. Алайда жыл сайын көктемде көгеністің кейбір түрлеріне сұраныс артатындықтан ол бірнеше сағатта сатылып кетеді. Мәселен мына дүңгіршекке бүгін 10 қап картоп әкеліген. Қазір қорбаы бос тұр.

Тұрақтандыру қорының қоймасынан қаладағы әлеуметтік дүкендерге аптасына үш рет көкеніс жеткізіледі. Өскеменде 19 Семейде 11 дүкен бар. Бірақ оның өзі аздық етіп тұр.

Гүлмира Қажыбаева, қала тұрғыны:

Қараңыздар кезек деген бірінің артынан бірі. Әуелі картоп жоқ. Сарымсақ бітті жоқ, деп тұр. Соған міне кісілер таласып, ішінде кісі міне қанша топталып тұр.

Төлеген Құрсақбаев, қала тұрғыны:

Үш ай болып қалды міне, бір ретте қырыққабат алғамыз жоқ. Кейде май алайын десең ол да жоқ. Қарақұмық ол да көбінде болмайды.

Тапшылықты болдырмас үшін кәсіпкерлер кейбір өнімдерді шектеп сатауға көшкен. Өйткені таңертең түскен тауар түске дейін сатылып кетсе, қайта тапсырыс бергенмен тек екі күннен соң ғана жеткізеледі.

Салтанат Кеңесбекқызы, кәсіпкер:

Халықтың сұрнасы осындай айларда көбейеді. Көбейгенде бірінші жыл емес жылдағы жағдай осындай. Қатты шектеу қойып жатқан жоқпыз. Бірақ енді кішкене жақын жұмыстан шыққан сатып алушыларға жетпей қалады.

Жетпейтінін тұрақтандыру қорының өкілдері де жақсы біледі. Көктемде көкөніске сұраныстың артуы қалыпты жағдай дейді олар. Алайда әлеуемттік дүкендердің санын көбейтуге асықпай отыр.

Динара Шәріпова, Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы төрағасының орынбасары:

Қоймада көгеніс жеткілікті болса, неліктен дүкендерде ұзынсонар кезек деген сауал туындайды. Өйткені қазір жай базардағы баға шырықтап кетті. Сондықтан жұрттың көбі арзанға жүгіреді. Ал қырыққабаттың жоқ екені рас. Оңтүстік өңірден жеткізіп үлгермей жатырмыз. Қосымша әлеуметтік дүкендер ашу мәселесін ойланамыз.

Биыл өңірде тұрақтандыру қорына алты мың тонна өнім жиналған. Қазір қоймада 800 тонна картоп , 150 тонна сәбіз және 200 тонна сарымсақ бар. Қордағы көкөніс мамырға дейін жетеді.

Олжас Керейхан


Хабарламаларға жазылу