Балқаш көлінде австралиялық қызыл шаяндар өсірілмек. Қазір ғалымдар жәндіктің Орталық Қазақстанның климатында қаншалықты көбейе алатынын зерттеп жатыр. Бұл шаянды шағын лобстер деп те атайды. Ұзындығы 20-25 сантиметрге дейін жетеді. Еті өте дәмді келеді. Сондықтан сұраныс үлкен. Әрі оны өндірістік жағдайда өсіру тиімді, - дейді мамандар.
Айта кетейік Балқаштағы балық шаруашылығы ғылыми зерттеу институты бұдан бөлек көкбас балығын да көбейтіп жатыр. Жуырда Қызыл кітапқа енген пілмай мен бекіре балықтарын әкелмекші.
Еркінбек Құмантаев, Қазақстан балық шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының Балқаш қалалық филиалының директоры:Өзен шаянымен салыстырғанда оның өсуі жылдам, көбеюі тезірек және көлемдері үлкен деңгейге дейін болады. Ол шаянға қазіргі таңда мейрамханаларда, ресторандарда сұраныс бар. Соны біз дәлелдеп, оны осы Орталық Қазақстанның жағдайында өсіруге бола ма, ол қаншалықты тиімді, олар Қазақстанның жемін жей ма, шетелдің жемін жесе дұрыс өсе ма, жылдам өсе ма, сондай зерттеулік жұмыстар жүргізілуде.
Руслан Нұрланұлы