Қарағандыда Елорданың 16 төл құрдасына жеке куәлік пен бағалы сыйлықтар табысталды. Облыстың белсенді жастары елорданың Ақмоладан Астанаға айналғанға дейінгі тарихын бейнелейтін фотосуреттер көрмесін ұйымдастырды.
Сондай-ақ, біраз уақыт жұмыс істемей тұрған балалар пойызы зообаққа дейінгі көңілді сапарға аттанды. Жыл санап Астана күні мерекесінің ауқымы кеңейіп, жұрттың оған деген ықыласы артуда. Бұл - еліміздегі миллиондаған патриоттардың арман-тілегі тоғысатын күн.
Жалғас Өмірзақов, Астананың төл құрдасы:
Елордамыз Астананың туған күнінде мен өзімнің 16 жасқа толуыма орай жеке куәлігімді алып отырмын. Бүгін ерекше сезімдемін. Әрине, келешекте еліміздің дамуына үлес қосатын азамат боламын. Астанамыз көркейіп, жайнай берсін!
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ